ОСК Асылбек Нұралинді Мәжіліс депутаты етіп тіркеді

Сурет: Орталық сайлау комиссиясы
14 қаңтарда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Асылбек Нұралинді Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты "ҚХП" Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асылбек Жамашұлы Нұралинге берілсін", - делінген хабарламада.

Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Гауһар Танашеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын", - делінген ОСК хабарламасында.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Асылбек Жамашұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін