Алматы тұрғыны көшеде өтіп бара жатқандарды балағаттағаны үшін айыппұл төледі

Сурет: pexels
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі), деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы қаңтар айында Н. масаң күйде бола тұрып сырт киімін шешіп, өтіп бара жатқан адамдарға құрметсіздік танытып, сол арқылы өзгелерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Сотта Н., кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жауаптылық қарастырылған.

Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек