Өндірушілер өздері жасаған сапасыз жиһаз үшін БҚО тұрғынына 1,6 млн теңге өтемақы төледі

Сурет: pixabay
БҚО тұрғыны сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне отырып, сатып алынған сапасыз ас үй жинағы үшін қаражатты қайтарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, сатушы жиһаз қаражатынан бөлек, моральдық залал, тұрақсыздық айыбы және сот шығындары үшін өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ас үй жинағы орнатылғаннан кейін, оның сапасы нашар екендігі бірден байқалған. Мәселен, гарнитурадағы сызаттар мен жырықтар, нашар орнатылған пеш және сорғыш. Сондай-ақ желдеткіш шулы дыбыстар шығарса, шамдар үнемі жыпылықтап тұрған.

Департамент маманы Әйгерім Төлепова сатушының басты қателігі — клиенттің талаптарын елемеу екенін атап өтті.

Сот келісімшартты бұзып, келесідей қаулы шығарды:

Нәтижесінде өтемақылардың жалпы сомасы 1,6 млн теңгеден асты.

Бұған дейін Қазақстан полициясының трансұлттық есірткімен айналысатын қылмыстық топты құрықтағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады