Қазақстанның бірнеше өңіріндегі оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды

Фото: Zakon.kz
22 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райына байланысты Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтағы бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына жіберілді. Яғни, 3123 бала үйден оқытылады. Тиісінше, мектепке жеткізу тоқтатылады.

Бірінші ауысымдағы сабақтар Павлодар мектептерінде де тоқтатылды. Мектепке дейінгі, сондай-ақ 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға жіберілді.

Осындай шектеулер павлодарлық 1-2 курс студенттеріне де қатысты (9 сынып негізінде).

Сабақтар Абай облысның I ауысым оқушылары үшін де тоқталды. 

Семей қаласының барлық мектебінің 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз