Ішімдікке сылқия тойып алған шығысқазақстандық құқық қорғау органдарын әбігерге салды

Сурет: Zakon.kz
13 қаңтарда таңғы уақытта ішімдікке масайған ер адам 102 арнасына қоңырау шалып, қаладағы клубтардың бірінде бомба жасырылғанын хабарлаған. Күдікті аталған мекеменің тұрақты келушісі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына дереу полицияның сыртқы жасағы мен жедел тергеу тобы жіберілді. Алайда клубты толық тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталмады.

Полицейлер "ізін суытпай" күдіктіні қолға түсірді. 28 жастағы жергілікті тұрғын өзінің әрекетін алкогольдік масаң күйде жасағанын және болған жайт есінде жоқ екенін айтып түсініктеме берген.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті терроризм қаупі туралы қасақана жалған хабар таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

"Мұндай әрекет қоғамдық қауіпсіздікке зиян тигізіп, тиісті органдардың уақытын зая кетіреді", - деп хабарлады ведомство.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді