Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
Синоптиктер ертең, 27 қаңтарда республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/c-ке жетеді.

Алматыда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының орталығында тұман.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 18-23 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды