LRT жобасы мәре сызығына жетіп қалды - Астана әкімі

Фото: primeminister.kz
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 28 қаңтарда Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында LRT құрылысының жобасы қай кезеңде екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2024 жылдың желтоқсанында көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы бекітілгенін еске салды.

"Елордада автомобиль трафигінің өсуі аясында қоғамдық көлікті дамытуға, жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, жаңа көпірлер салуға, тұрақ орындарының жұмысын жақсартуға баса назар аударылды. Күн сайын қалалық маршруттарға 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде елорданың қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында LRT жобасы мәре сызығына жетіп қалды. Жазда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады", – деді Астана әкімі.

Ол қыркүйек айында алғашқы пойыздар келетінін, содан кейін белсенді сынақ басталатынын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда Мойынты-Қызылжар жаңа теміржол желісі салынатындығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды