Несиені мерзімінен бұрын қалай өтеуге болады: қазақстандықтар үшін маңызды кеңестер

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 6 ақпанда несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде нені ескеру керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство несиені мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға артық төлемді азайтуға және қарызды тезірек жабуға мүмкіндік беретіндігін еске салды.

Біріншіден, шарт талаптарын тексеріңіз. Несие алмай тұрып банктен мерзімінен бұрын өтеу шарттарын нақтылаңыз. Қазақстан заңнамасы мұндай жағдайда айыппұл салуға тыйым салады, бірақ бірнеше талап бар:

Сондай-ақ, банк берешекті мерзімінен бұрын өтеу үшін арнайы өтініш талап етпейтінін тексеру қажет. 

Екіншіден, қарыз сомасын нақтылаңыз. Егер мерзімі өткен төлемдер немесе айыппұлдар болса, қаражат алдымен соларды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Күтпеген шығындарға жол бермеу үшін банкке хабарласып, нақты қарыз сомасын анықтаңыз.

Үшіншіден, өтеу әдісін таңдаңыз. Мерзімінен бұрын өтеу толық немесе ішінара болуы мүмкін:

Төртіншіден, несие төлеу тәртібін тексеріңіз. Кейбір банктер мерзімінен бұрын өтеуді арнайы мобильді қосымша арқылы жүргізуді немесе банк бөлімшесінде өтініш жазуды талап етеді. Егер қаражатты жай ғана шотқа салсаңыз, олар несие кестесіне сәйкес есептеліп, қарыз сомасы азаймауы мүмкін.

Бесіншіден, несие төленгенін растайтын анықтама алыңыз. Толық өтегеннен кейін, банктен қарыздың жабылғанын растайтын құжат талап етіңіз. Бұл есеп жүргізу кезінде қателіктердің алдын алуға көмектеседі. 

Сондай-ақ, мамандар кредиттік тарихты бақылауда ұстауды ұсынды. 

Мысалы, несие жабылғаннан кейін, кредиттік бюролардың сайттарында өз кредиттік тарихыңызды тексеріңіз. Егер қате анықталса, банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) жүгініп, растайтын құжаттарды ұсыныңыз.

Бұған дейін Қазақстанда құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ережелері өзгергендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды