Ақтөбеде су тасқыны кезінде бүлінген 200-ге жуық жер үй бұзылады

Сурет: primeminister.kz
Ақтөбеде 200-ге жуық жер үй бұзылады. Бұл баспаналардың бәрі былтырғы тасқын кезінде талқандалған. Сондықтан тұрғындары басқа жерге көшіріліп, жер телімі мемлекет меншігіне өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шенеуніктердің айтуынша, үйлерді бұзу және орнын тазалау көктемде басталады. Алайда биыл әдеттегідей Ойыл, Ырғыз және Қобда аудандарында өзен-көлдер арнасынан асып, бөгеттерді былтырғыдай бұзуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.

"191 үй апатты деп танылды. Бүкіл 191 үй иелеріне пәтер берілді ана жылы. Олар көбісі бәрі бау-бақшада орналасқан. Қазір 191 үйдің жер учаскесі мемлекет қорына тапсырылып жатыр. Мердігер анықталғаннан кейін, сүру бойынша көктемде жұмыс басталады". Алматы ауданы әкімі аппаратының басшысы Дамир Бөкеев

Биыл облыстағы үш ауданда тасқын қауіпі бар. Ойыл, Қобда мен Ырғыз аудандарында былтыр бұзылған бөгеттер толық жөнделіп бітпеген. Тасқын нөпіріне шыдамай жарылған "Көсем", "Тереңсай" плотиналарындағы жұмыс та әлі біткен жоқ.

"Бізде қазір қауіп төндіретін аудандар: Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандары. Ойыл ауылына баратын жердегі көпірдің бұзылып, әлі күнге дейін жасалған жоқ. Осы аудандар қауіп төндіруі мүмкін. Ал қалған аудандардағы қауіп орташа деп айтуға болады". Аслан Арзымбетов, Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы

Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбе өңірі бойынша тасқын қауіпі бар деген 58 елді мекенді қызылмен белгілеп қойыпты. Ол аумақтарда 70 мыңға жуық адам тұрады. Дегенмен "Қазгидромет" қатқан тоң былтырғыдай қалың емес деп сабырға шақырды. Қыс бойы қар жақсы жауғанымен, ылғал төмен деп деп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды