Оралда бірнеше көлікке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Оралда автокөліктерді тонаумен айналысқан 25 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктіні Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықтап, қолға түсірді.

Тергеу барысында оның көліктердің құлпын ашуға арнайы кілттерді пайдаланғаны немесе иелері ұмыт қалдырған ашық есіктерді пайдаланып, салонға еркін кіргені белгілі болды. Ол автокөліктерден аккумуляторлар, магнитофондар, динамиктер және басқа да құнды заттарды қолды қылған.

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты 8 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның автокөлігін тінту кезінде заттай айғақтар тәркіленді. Полиция күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Полиция қызметкерлері көлік иелеріне барынша сақ болуды, құнды заттарды автокөлік салонында қалдырмауды және көлікті әрдайым мұқият құлыптауды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі