Елімізде су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1 200-ден асады

Сурет: akorda.kz
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әсет Жылқайдаровтың айтуынша, қазір ел бойынша су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1 223 болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсет Жылқайдаровтың мәліметінше, бұл елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін 576 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды.

"822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль мен темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық түбін тереңдету, жағалауды нығайту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді", - деді ол.

ТЖМ өкілінің айтуынша, зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайындалды, броньнан шығарылған жағдайда тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады