1-сынып оқушылары екі есе көп: Астана әкімі көп жылғы мәселені айтты

Сурет: Zakon.kz
Астанада жаңа оқу жылында 15 жаңа мектеп ашылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасымбектің сөзінше, 2024 жылы білім ошағын 12,5 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Ал сол уақытта бірінші сыныпқа 28,5 мыңнан астам бала барды. Бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 2 еседен асып түседі.

Әкімнің айтуынша, осы себепті қалада жыл сайын мектептер салу қажет.

"Қаланы аралау барысында Төлебаев пен Бурабай, Құдайбердіұлы даңғылы мен Жансүгіров, Егемен Қазақстан мен Иманов көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Өздеріңіз білетіндей, осы оқу жылының басынан бері 24 оқу орнын салып, қолданысқа бердік. Бұл – елорда үшін рекорд. Аталған мектептер екі ауысымда 66 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді", - деп жазды Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында.

24 оқу орнының – 16-сы жайлы мектеп. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл жайлы мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

"Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына да жеке қаражат тартамыз. Сондай-ақ, жыл сайын педагог мамандығына гранттар бөле отырып, кадрлар даярлаумен айналысамыз. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің гранты бойынша ЖОО-да 2 мың 200-ге жуық адам білім алып жүр", - деді ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты