Астанада заңсыз айналымнан 67 келі гашиш тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Астанада полицейлер арнайы операция жүргізді, оның нәтижесінде елорда аумағына есірткі заттарын жеткізудің ірі арнасы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған қала тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінен 1,5 келі гашиш есірткі заты мен 5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді.

Есірткі жеткізу арнасын және қылмыстық тізбектегі басқа да сыбайластарын анықтау барысында келесі күні жедел уәкілдер есірткіні оңтүстік өңірлерден әкеліп, әрі қарай таратумен айналысқан көтерме саудагерді анықтап, ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде екі пластик бөшке табылып, олардың ішінен есірткі салынған шамамен 45 пакет тәркіленді. Тәркіленген гашиш есірткі затының жалпы салмағы 67 келіден асты.

Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі көлемде сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды және мүлікті тәркілеуді көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды