ҚР ІІМ мектептерде кәмпит түрінде синтетикалық есірткі тарату туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Фото: pexels
Қазақстандықтар желіде мектептерде белгісіз біреулер балаларға қауіпті синтетикалық есірткі қосылған кәмпиттер таратып жатқандығы жайлы бейнені жылдам таратуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автор оқу орындарының бірінде тәттіге толы пакет табылғанын, оның ішінде тыйым салынған заттар болғанын атап өтті.

Stopfake.kz мамандары таратылған бейнені зерттеп, оның ескі ролик екенін анықтады. Ол 2019 жылдың желтоқсан айының басында тараған. Новосібірде түсірілген. Бала уланып, ауруханаға түскен. Полицейлер тексеру барысында оның есірткі қосылған кәмпит жегенін растаған жоқ.

Сарапшылар сөзінше, мектептерде балаларға есірткі қосылған сағыз бен кәмпит туралы фейк хабарламалар Желіде 2014 жылдан бері таралып келеді. Оларды әртүрлі елдерде билік, полиция және фактчекерлер жоққа шығарады.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі де бұл видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде мектептерде есірткі қосылған кәмпит берілетіні туралы видео тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанның оқу орындарында мұндай жағдайлар анықталған жоқ",- делінген ведомство ақпаратында.

Сондай-ақ, ІІМ фейктерге сенбеуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды:

Мұнымен қоса, балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрету маңызды екенін айтты:

"Естеріңізде болсын: есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін елордада полицейлер жоқ үйлерді жалға берумен айналысқан әйелді ұстағандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті