Павлодарда банкті тонап кеткен күдіктілер Ресейде ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда банкті тонап кеткен күдіктілер Ресейде ұсталды. Оларды қамауға алу үшін санкция берілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы қарашада Павлодарда Halyk bank бөлімшесінде ұрлық жасағаны үшін күдікке ілінгендер Ресей Федерациясының аумағында анықталып, ұсталды. Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты қазақстандық соттың шешімі бойынша қамауға алуға санкция берілді.

"ҚР ІІМ халықаралық уағдаластықтар аясында ресейлік әріптестермен бірлесіп жедел-тергеу тобы құрылды", Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, 2024 жылғы 11 қарашада сағат 09:30-да полицияға банк филиалдарының бірінде қабырғаның бұзылғаны анықталды деген қоңырау түскен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін