Павлодарда отқа оранған үйден бала құтқарылды

Сурет: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Павлодарда отқа оранған үйден бала құтқарылды. Өрт сөндірушілер жеке меншік үйден бір газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:16-да Астана көшесіндегі үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар, апаттар медицина орталығы жедел түрде жіберілді. Көршілер жанған үйден қызды эвакуациялады.

"Жеке меншік үй аумағында 30 шаршы метр алаңында от жағу бөлмесінде ағаш құрылымдары, шаруа заттары жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді", - деп хабарлады департамент.

Өрт сөндіру барысында 27 литрлік бір газ баллоны шығарылды.

Өрт сағат 12:38-де толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз