Петропавл қоқыс астында қалудың алдында тұр

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы қоқыс астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV соңғы күндері көпқабатты үйлердің аулалары стихиялық полигондарға айналып бара жатқанын жазды.

Қоқыс жәшіктері асып-тасып жатыр, соның салдарынан ауланы өткір иіс алып, маңынан өту мүмкін емеске айналған. Жергілікті тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін екі есе көп төлей бастағанын, алайда жағдайдың тек нашарлап жатқанына наразы.

Қалалық әкімдік қоқыс мәселесін растап, алдағы күндері жағдайды реттеуге уәде берді. Белгілі болғандай, қалада қоқыс шығарумен төрт кәсіпорын айналысады. Олардың біріндегі техниканың бұзылуы осы жайтқа алып келген.

Бұған дейін Батыс Қазақстанда сиыр етінің бағасы шарықтағаны хабаланған болатын. 

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді