БЖЗҚ қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын алу кезінде делдалдар жарнамасына сенбеуге үндеді

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегінен төмен пайызбен алуға көмектесетін адамдардың ұсыныстары тарады. БЖЗҚ алаяқтардың айласына түспес үшін мұндай хабарландыруларды елемеуге үндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"БЖЗҚ" АҚ қазақстандықтарға ескерту жасады:

Зейнетақы жинақтарын алу тек Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін:

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы азаматтар:

Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар (ТЖШ-дан асатын сома шегінде)

"Зейнетақы жинақтарын тек екінші деңгейдегі банктер арқылы пайдалануға болады – делдалдық қызметтерге жүгінудің қажеті жоқ", - делінген БЖЗҚ ресми хабарламасында.

Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы жинақтарымен жүргізілген операциялар үшін ешқандай комиссия немесе ақы алмайды.

"Делдалдардың қызметіне жүгіну салдарынан ақшаңызды жоғалтып, жеке деректеріңізді алаяқтар қолданып кетуі мүмкін", - дейді қор өкілдері.

Зейнетақы жинақтарын алу және аудару туралы ақпаратты БЖЗҚ бөлімшелерінен және онлайн режимде алуға болады: enpf.kz сайтынан, БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасы арқылы, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан. Сондай-ақ 1418, +7 777 000 1418 (WhatsApp) телефондарына тегін хабарласуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі