Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қарағандыда полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, синтетикалық есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 және 28 жастағы екі ер адам мен 24 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер жалға алынған көлікпен қала ішінде жүріп, есірткі заттарын жасырып, олардың координаттарын клиенттеріне жіберіп отырған. Ұстау барысында Абай ауданы есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі қызметкерлері 40 орама есірткі затын, кристалды және өсімдік тектес есірткі салынған контейнерлерді, сондай-ақ қаптама материалдары тәркіледі.

Сараптама нәтижесі бойынша, тәркіленген заттардың арасында 131 грамм синтетикалық PVP препараты, 45 грамм каннабис экстракты және 443 грамм кептірілген марихуана бар екені анықталды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды