Семейлік өрт сөндірушілер жеті жастағы қызды аман алып қалды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2025 жылғы 4 наурызда Семейдегі В. Терешкова көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтіннің екінші қабаттағы пәтерден таралып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, баланың жылаған дауысы естілген пәтердің есігін ешкім ашпаған.

Бала көміртегі тотығымен дем алса, салдары қайғылы болатындықтан, құтқарушылар темір есікті ашуға кететін уақытты жоғалтпай, терезеге қарай ұмтылды. 

"№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Қалитов Болат жанып жатқан пәтердің терезесіне үш иінді сатымен көтеріліп, қорыққан баланы тауып, таза ауаға шығарды", - деп хабарлады ведомство. 

Үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған 2017 жылы туған қыз оған қажетті медициналық көмек көрсетілуі үшін "103" қызметінің бригадасына табысталды.

Өрт те сөндірілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды