Жамбыл облысында сапасыз жол үшін шенеуніктер жазаланды

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында сапасыз жол үшін 4 ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшысы жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" телеарнасы Жамбыл облысындағы жол сапасы сын көтермейтіндігін жазды. Осы олқылық үшін 4 ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшысы жазаланды. 57 лауазымды тұлғаға 1,5 млн теңге айыппұл салынды. Құзырлы мекеме жасаған тексерістен кейін екі жарым мыңнан астам мін табылған.

Биыл жол инспекциясы қызметкерлері 5 мың шақырым көлік жолын тексерген. Енді жол жөндеу басшылары мен жергілікті атқарушы орган 600-ден астам ұйғарым бойынша кемшіліктің орнын толтыруға тиіс.

"Жол жабындысында ойық, шұңқыр орын алғанға байланысты нұсқама беріледі. Оны орындау үшін 1 ай көлемінде уақыт береміз. Егер белгілі мекемемен ол нұсқама орындалмаған жағдайда полиция департаментіне жауап жолданады",- деді Азамат Бақытұлы, ӘПБ бөлім бастығы. 

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін