8 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады

Сурет: pexels
Синоптиктердің болжамынша, ертең, 8 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертен облыстың батысында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қызылорда облысында күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады.  Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Жамбыл облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ.

Қостанай облысында қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Шымкентте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 метрге жетеді. 

Ақмола облысында күндіз батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты