Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды

Сурет: видео скрині
Бүгін, 8 наурызда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында "Сарыөзек-Қарашоқы" тасжолының 25-шақырымында жеңіл көлік қарға батып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көмек сұралған бойда ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына аттанды.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде қар құрсауынан төрт жеңіл көлік шығарылып, 12 адам аман-есен құтқарылды. Барлығы ересектер, зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушілер сапарларын өз бағыттары бойынша жалғастырды.

"Қысқы жолда мұқият болыңыз! Алыс сапарға шығар алдында ауа райын тексеріп, қажетті жабдықтарыңызды дайындап алыңыз!"Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады