Шымкентте полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелді пойыздан түсіріп алды

Сурет: polisia.kz
Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда қаласының 27 жастағы тұрғынын қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін пойыздан түсіріп алды. Оқиға Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел адам мас күйде болып, балағат сөздер айтып, басқа жолаушылар мен жолсеріктердің ескертулеріне құлақ аспаған.

Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай6 қарсылық көрсеткен. Құқық бұзушы полиция бөлмесіне жеткізіліп, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, ұсақ бұзақылық жасау, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері еліміздің теміржол және әуе көлігі объектілерінде 17957 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 1273 дерек, ұсақ бұзақылық үшін 126 факті, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 22 жайт және т.б. деректер анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты