Алаяқтық жасауға арналған 57 sim-box құрылғыcы анықталды

Сурет: polisia.kz
Жыл басынан бері ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі ҰҚК, "Қазақтелеком" АҚ және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, алаяқтық жасау үшін пайдаланылған 57 sim-box құрылғысын анықтады. Әртүрлі ұялы операторлардың 38 мыңнан астам тіркелмеген sim-карталары тәркіленді.

Алынған мәліметтердің көмегімен алаяқтар азаматтардың банк шоттары мен жеке аккаунтарына қол жеткізе алады. Ағымдағы жылдың наурыз айының бірінші онкүндігінде полиция қызметкерлері осындай төрт фактіні анықтады.

Астанада шетелдік азамат ұсталды. Ол ел аумағында алаяқтық жасау үшін желіге қосылған sim-box құрылғысын автокөлікпен тасымалдаған. Тінту барысында 128 слоты бар екі sim-box, қазақстандық ұялы операторлардың 19 sim-картасы және компьютерлік техника тәркіленді.

Сондай-ақ заңсыз ұялы байланысқа қатысы бар елордалық екі тұрғын ұсталды. Тінту барысында екі sim-box және компьютерлік техника тәркіленді.

Сондай-ақ заңсыз ұялы байланысқа қатысы бар елордалық екі тұрғын ұсталды. Тінту барысында екі sim-box және компьютерлік техника тәркіленді.

Аталған құрылғыларды заңсыз сақтағаны және пайдаланғаны үшін Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Күдіктілер қылмыстық схемалар арқылы апта сайын мың долларға жуық криптовалютамен заңсыз табыс тапқаны анықталды.

Барлық күдікті адамдар қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі