Полиция 2025 жылдың екі айында іздеуде жүрген 311 адамды ұстады

Сурет: polisia.kz
2025 жылдың екі айында Ішкі істер министрлігі еліміздің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде:

Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 145 адамның жүрген жері анықталды.

"Өткен жылы Астанада тұратын азаматтың автокөлігін ашық түрде тартып алған 40 жастағы ер адам Түркістан облысында ұсталды. Маңғыстау облысында 50 жастағы ер адам құрықталды. Ол былтыр жазда тоғыз келіден астам гашиш сатқан", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қазақстан полицейлері ТМД және алыс шет елдер үшін 85 қылмыскерді ұстады.

"Мысалы, Түркістан облысында мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде екі жыл бұрын Мәскеу тұрғынын өлтіргені үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Сондай-ақ Жамбыл облысында шетел азаматы ұсталды. 2014 жылы Тәжікстан полицейлері одан 72 келіден астам гашиш тәркілеген", - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Спикердің сөзінше, шетелдік әріптестермен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде республикадан тыс жерлерде іздеуде болған 21 адам анықталып, ұсталды.

"Польшадағы Варшава әуежайында ер адам ұсталды. Ол 2014 жылы Қазақстан Республикасы азаматтарын алдап, бір миллиондай АҚШ долларын қолды еткен. Түркия Республикасының Анталья қаласында 39 жастағы әйел ұсталды. Ол да алматылық тұрғындарды алдап, 146 мың АҚШ доллар алған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деді полиция полковнигі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы