Ақтөбеде интернет-алаяқтықпен айналысқан БҚО тұрғындары ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наурыз айында Оралда жедел іс-шаралар жүргізу барысында бірнеше алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталғандардың бірі ақпан айында Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада төмен пайызбен несиелерді рәсімдеуге көмектесу қызметін ұсынғаны анықталды. WhatsApp мессенджерінде хат алмасу барысында жас жігіт жәбірленушілерді алдап, ақшаларын заңсыз иеленген.

Қазіргі уақытта күдікті жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында ақпан айында OLX.KZ платформасын пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті әйел анықталды. БҚО тұрғыны пәтерді жалға беретіні туралы жалған хабарлама орналастырып, WhatsApp мессенджері арқылы хат жазысу барысында жәбірленушіні толық алдын ала төлем жасауға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін әйел байланысты тоқтатқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстық әрекеттерге қатысының бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз