Алматыда "Тазару күні" 8 мың текше метр қоқыс жиналды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында "Almaty clean & green" атты ауқымды тазалық және көгалдандыру акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қала экологиясын жақсарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

"Almaty clean & green" акциясы қала тұрғындарын біріктіріп, олар көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді және өзен жағалауларын тазалау жұмыстарына белсенді қатысты. Сонымен қатар, сенбілік барысында ағаштар мен бұталар отырғызылды. Акцияға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер және қала тұрғындары қатысты.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тазару күнінде өткен экологиялық акцияға 50 мыңнан астам тұрғын, 1 200-ге жуық коммуналдық қызметкерлер қатысып, 350-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Ауқымды тазалық жұмыстары барысында саябақтар, гүлзарлар, аулалар және демалыс орындары тазартылып, 8 мың текше метрден астам қоқыс жиналып, қала әкімдігі тарапынан арнайы полигонға шығарылды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, алма, алмұрт, шегіршін, қараған, үйеңкі және шаған сынды 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Акция өткен орындарда мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Бұған дейін ІІМ кадр саласының офицері есірткі жасырушыны ұстаған ерлігі жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды