Атырауда есірткі таратумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды

Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі заттарын таратты деген күдікпен 22 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында күдіктінің жалдап тұрған пәтерінен екі түйіншек пен екі электронды таразы, кейін тергеу әрекеті барысында үш түйіншек табылып, тәркіленді.

Жалпы саны 5 түйіншектен құны 150 мың теңге болатын 4 граммға жуық марихуана заты тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы