Алматы облысында мопед ұрлаған күдіктілер ұсталды

Сурет: pexels
Алматы облысы Іле ауданы Ақсай ауылында полиция қызметкерлері қысқа мерзімде мототехника ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 наурызда Іле ауданының полициясына 50 жастағы жергілікті тұрғынынан мопедінің ұрланғаны туралы арыз түсті. Ер адамның айтуынша, белгісіз адамдар үйінің ауласынан ұрлық жасап, 556 667 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

"Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы жіберілді. Аймақты тексеру барысында полицейлер қылмыс іздерін зерттеп, куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камера жазбаларын тексерді. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар өз кінәсін толық мойындады", - деді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз