Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман.
Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман.
Астанада түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.