Айдын Құлсейітов Медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Премьер-министрмен келісім бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Басқарма төрағасы лауазымына Айдын Құлсейітов тағайындалды", - деп хабарлады ведомство.

Айдын Құлсейітов Өскеменде дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Инженер-экономист" мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын "Мемлекеттік қызмет менеджері" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын басқарушы лауазымдарға дейін жеке салада бастаған. Содан кейін Мемлекеттік қызметке ауысты. Индустрия және сауда министрлігінде, энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде жұмыс істеді, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ, "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ басқарма төрағасы болды.

2017 жылдан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды. Екі жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығын басқарды.

Содан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды