Түркістан облысында ер адам дүкеннің терезесін сындырып, спорттық киімдерді ұрлап кеткен

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы Сайрам ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, оқиға түнгі сағат 02:30 шамасында болған. Ер адам пластик терезені сындырып, ішке кірген. Содан 20 мың теңге тұратын 10 шақты ерлерге арналған спорттық киімді ұрлап кеткен. Ол бұл қылмысын мас күйінде жасаған.

Келтірген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері күдіктіні дер кезінде анықтап, айғақты заттарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты