Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласының символы саналатын қызғалдақ гүлдеп, үшінші мегаполистің ажарын аша түсті. Былтыр күзде көшелер мен гүлзарларға 1 миллион 250 мың дана қызғалдақ егілген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының мәліметіне сүйенсек, олардың басым бөлігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті қызғалдақтар. Небәрі екі аптада гүлдейді. Қала тұрғындары мен қонақтары суретке түсіп, тіршілік жаратылысына таң-тамаша күйде болды.

"Өз басым қызғалдақтардың қасынан өткен кезде ылғи телефоныма түсіріп аламын. Маған әдемі көрінеді. Қаламызды түрлендіріп, мақтаныш сезімін ұялатады. Қай көшемен жүрсеңіз де жайқалып тұр. Түрлі-түрлі боп. Адамның көзін қуантады. Өмірі көрмеген қызғалдақтың неше түрі бар".  Дүйсенгүл Чекаева, қала тұрғыны

Мегаполис аумағы әрі қарай да бірыңғай гүлдермен кезең-кезеңімен әсем келбетке бөленеді. Әуежайдан бастап теміржол вокзалына дейін көшелерде шырайгүл, барқытгүлі мен шафран жайқалып, раушан гүлмен көмкеріледі. 

Бұған дейін киіктен зардап шеккен шаруаларға өтемақы берілетіндігі жайлы жазған едік. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін