Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты жазаланды. Оларда жүргізуші куәлігі болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ерлі-зайыптыларға қатысты әкімшілік істер қаралды.

"Сотта 2025 жылдың қаңтар айында қаладағы бір мекеменің маңында BMW X5 автокөлігінің иесі А. көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, оны масаң күйдегі жұбайы Б.-ға жүргізуге бергені анықталды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Әйел азамат А. жұбайымен бірге дәмханада сыра ішкенін, кейін көлікті басқаруды күйеуіне тапсырғанын айтты. Ол көлік жүргізу куәлігін алмағанын, тек оқу кезеңінде жүргенін атап өтті. Сондай-ақ, олардың 2 және 4 жастағы екі баласы бар екені белгілі болды. Сот отырысында ерлі-зайыптылар құқық бұзушылық жасағандарын толық мойындады.

Нәтижесінде әйел азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 550 480 теңге (200 АЕК) мөлшерінде айыппұл арқалады. Азамат Б. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулылар заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?