Қарызын қайтара алмағандардан жыныстық қатынас талап еткен: Арқалықта блогер ұсталды

Сурет: Қостанай облысының полиция департаменті
Арқалық қаласында блогер бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

35 жастағы ер адамды полиция зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шараларында ұстады.

Қостанай облысының gолиция департаменті жәбірленушілер арасында кәмелетке толмағандар жоқ екенін хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, кейбір құрбандар ер адамнан қарызға ақша алған және қарызын қайтара алмаған кезде күдікті жыныстық қатынасты талап еткен. Жәбірленушілер бас тартқан кезде, ол олардың еркіне қарсы олармен жыныстық қатынасқа түсті", - деп хабарлады полиция.

Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін ер адам 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды