Алматыда 102 жастағы Ұлы Отан соғысының қатысушысы қайтыс болды

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
2025 жылғы 7 сәуір күні Ұлы Отан соғысының қатысушысы Татьяна Алексеенко дүние салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Татьяна Ерофеевна 1923 жылдың 23 желтоқсанында Беларусь Республикасының Витебск облысының Уно ауылында дүниеге келген.

Соғыс жылдары Татьянаның 18 жасымен тұспа тұс келді, батыр қыз ерікті түрде партизан отрядына қосылып, медбике ретінде майданға аттанды. Онда жауынгерлердің өмірін құтқарып, ерлік пен отанға адалдығын көрсетті. Партизанмен бірге Кенигсбергке дейін жетіп, жеңісті сол жерде қарсы алды, кейінірек Шығыста, үшінші Белорусь фронты құрамында қызметін жалғастырды. Соғыс әрекеттері ол Иркутск қаласында болған кезде аяқталды.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Соғыстан кейін Киргизияда (қазіргі Қырғызстан) өмір сүрді, кейіннен Қазақстанға көшіп келіп, осында екі ұлын тәрбиеледі. Өкінішке орай, екі ұлы да өмірден озды. Әжейдің екі немересі мен бес шөбересі және бес шөпшегі қалды.

Ұлы Жеңіске қосқан үлесі үшін ол Отан соғысы І және ІІ дәрежелі ордендерімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Соңғы сапарға шығару рәсімі Алматы қаласындағы Бостандық ауданы қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері, ҚР ҰҚК Шекара академиясының әскери оркестрі, 61993 әскери бөлімнің әскери қызметшілері және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлер кеңесінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Жерлеу рәсімі бүгін, 2025 жылғы 9 сәуірде, Алматының орталық зиратында өтеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді