Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірген ер адам 22 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
9 сәуірде Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтірді және адамның жеке өмірі туралы ақпарат таратты деп айыпталған ер адамға қатысты үкім шығарды. Сотталушы 22 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдары бойынша 2023 жылғы қыркүйекте сотталушы құрбысының қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтінін біліп, кек алу мақсатында "W" желісі арқылы оның таныстарына онымен бірге түскен фотосуреттер мен видеоларды жолдаған.

Екінші эпизод 2024 жылғы наурыз айында түнгі уақытта сотталушы мас күйінде жәбірленушімен жанжалдасып арты төбелеске ұласқан. Жәбірленушімен соққылар алмасып, сотталушы өз көлігіне отырып, тұраққа шығатын жерге қарай бет алған, сол жерде жәбірленуші сотталушының тұрақтан шығуына жол бермей, қақпа мен шлагбаумды жауыптастаған. Сотталушы қақпаны, шлагбаумды және бағананы қағып, артында тұрған жәбірленушіні құлатқан. Ол тоқтамай, көлігімен жерде жатқан жәбірленушінің үстіне өткен. Одан кейін көліктен түсіп, жатқан күзетшіні аяқ-қолымен бірнеше рет ұрып-соғып, содан кейін көлігіне отырып кетіп қалған.

Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оған

үкім шығарды.

Үкімдерді ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кісі өлтіру үшін моральдық шығынды өтеу үшін 20 миллион теңге, ал жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін 4 миллион теңге өндірілді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты