Ақтөбе облысында көлікті мас күйінде айдаған жүргізуші төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысы бойынша мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін 13 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласының №2 соты ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (абайсызда мүліктің бүлінуіне алып келген, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа берілген сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Бұған дейін сотталушы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған, ол бойынша 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге, яғни 14.03.2030 жылға дейін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алайда түзету жолына түспей, өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сот мемлекетің тарабының жаза түрі бойынша пікірін ескеріп, сот үкімімен сотталушыға көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді