Қызылорда облысында бақташылар жоғалып кетті

Фото: pexels
Қызылорда облысында полицейлер жергілікті шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташыларын іздеп тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңертең Жалағаш аудандық полиция бөліміне үш күн бұрын үш бақташының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Олар Қаракеткен ауылынан жайылымдағы малды іздеп шыққан. Уақытылы оралмаған соң, отбасы мүшелері өз күштерімен іздеуге тырысқан. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінген.

Полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және ауыл тұрғындарынан арнайы топ құрылып, жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық елдімекені мен далалық жолдары толық қамтылды.

Тоғыз сағатқа созылған іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Бүгін сағат 16:00 шамасында учаскелік полиция инспекторы Жалағаш ауданына қарасты, кенттен 160 шақырым жердегі Шақ-Шақ атты далалық аймақтан жоғалған малшыларды аман-есен тапты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз