Ақмолалық тұрғынды SMS-код миллиондаған қарызға батырды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны қулықтың құрбаны болды. 9 сәуір күні ол аудандық полиция бөліміне арыз түсіріп, интернет-дүкеннен сатып алған затынан кейін белгісіз біреулердің арбауына түсіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, тапсырысты рәсімдеген соң көп ұзамай оған өзін курьер ретінде таныстырған әйел қоңырау шалып, тауарды жеткізу үшін СМС арқылы келген төрт таңбалы кодты айтып жіберуді сұраған. Артынша тағы бір адам хабарласып, өзін бірыңғай байланыс орталығының маманы ретінде таныстырып, жәбірленушінің жеке деректерінің бұзылғанын айтып, оны "киберқылмыспен күрес бөліміне", одан әрі "Қаржы министрлігінің өкіліне" ауыстырған.

Бейнеқоңырау барысында іскерлік киім киген белгісіз ер адам жәбірленушінің атына алты банктен несие рәсімделгелі жатқанын айтып, бұл мәселені "дәл қазір шешу қажет" деген ұсыныс жасаған. Қорыққан ауыл тұрғынына банктік қосымшаны жүктеп, 1 миллион теңгеге несие рәсімдеп, қаражатты көрсетілген шотқа аудару тапсырылған. Алаяқтардың қысымымен ол бұл нұсқаулардың барлығын орындап шыққан.

Күдікті әрекеттерден соң жәбірленуші бірнеше банкке хабарласып, өзінің атына берілген өтінімдерді тексерткен. Көптеген қаржы ұйымдары күмәнді операцияларға тосқауыл қойғанымен, бір банктен несие рәсімделіп үлгергені анықталған. Ақыры ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, қылмыскерлерді анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға мынадай ескертулерді ұсынады: 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады