Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 16 сәуірде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус аяз күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, батысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, орталығында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, орталығында найзағай, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 , екпіні 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус үсік күтіледі. 

Жетісу облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты