Ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин, Иван Вагнер және америкалық астронавт Дональд Петтит Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап болды. 220 күн ішінде олар Жерді 3520 рет айналып шықты.
Ғарышкер-сынақшы Олег Артемьев өзінің Instagram парақшасында "Союз МС-26" кемесінің қонуынан бірқатар сурет жариялады:
"Үйлеріңізге қош келдіңіздер! Осы демалыста, дәл Пасха мейрамында, Халықаралық ғарыш станциясынан "Союз МС-26" кемесінің экипажы Жерге оралды! 20 сәуірде "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының ғарышкерлері Алексей Овчинин, Иван Вагнер және NASA астронавты Дональд Петтит отырған "Союз МС-26" кемесінің түсетін аппараты Қазақстанның Жезқазған қаласы маңына қонды", – деп жазды Олег Артемьев.
NASA мәліметінше, Петтит орбитада металдан 3D-басып шығару технологияларын, су тазарту әдістерін жетілдіру, өсімдіктердің түрлі жағдайдағы өсуін, сондай-ақ микрогравитация жағдайында оттың қалай әрекет ететінін зерттеумен айналысты.
Дональд Петтит – АҚШ-тың егде жастағы астронавты.
Бұған дейін Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 16,8%-ға төмендегені хабарланған болатын.