Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Сурет: instagram/alau.tv
Қостанай тұрғыны өз көлігінің ішінде отқа оранды. Қайғылы оқиға 22 сәуірге қараған түні қала аулаларының бірінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам көлігінің жүк салғышынан бензин құйылған канистраны алып, көлікке отырған, мүмкін өзіне де құйған. От тұтанғаннан кейін ол көліктен жүгіріп шығып, оқиға куәгерлері оның үстіндегі жалынды өшіріп үлгерген.

"Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары тергеу қандай бап бойынша жүргізіліп жатқанын нақтыламады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен ер адамның дер кезінде ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады