Қостанайда жасөспірімнің "бомба қойылды" деген жалған хабары сауда орталығын дүрліктірді

Сурет: polisia.kz
Қостанайда сауда орталығында жарылғыш құрылғы туралы жалған хабар таратқан жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанайдағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат қойылды деген ақпарат бойынша шұғыл тексеріс жүргізілді. Хабарлама жалған болып шықты. Алайда жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқан тұлғаны анықтады.

Қостанай облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері телефон қоңырауын жасаған адамның жеке басын анықтап, ол қала мектептерінің бірінде оқитын кәмелетке толмаған жасөспірім екенін анықтады. Жасөспірім заңды өкілінің қатысуымен бұл әрекетті бұзақылық ниетпен жасағанын мойындады. Оның айтуынша, мұндай әрекеттің салдары туралы білмеген.

Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері ғимарат пен оның аумағын мұқият тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппады. Соған қарамастан, мұндай әрекет ел арасында дүрбелең тудырып, төтенше қызметтердің жұмысын қиындатты.

Қазіргі уақытта балаға қатысты ата-анасының, мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың қатысуымен профилактикалық және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар баланың анасы кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз