Музей қызметкерлері көпшілікке есікті реставрациялау кезеңдері жайлы әңгімелеп, қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды, сонымен қатар есіктегі жазбалардың мағынасын да түсіндірді.
2018 жылдан бері екі жыл жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша XIV ғасырдан сақталып келген қасиетті есік көнеріп, өңі сыр бере бастаған. Соған байланысты 2021 жылы есік қалпына келтіру лабораториясына реставрация-консервация жұмыстары үшін жіберілген болатын. Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды.
Бес жыл бойғы қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде, есік ғасырлар бойы қордаланып қалған шаң-тозаңнан, зиянкестерден тазартылды. Бұл қасиетті есіктің әлі ұзақ сақталуына сеп болып, осы уақытқа дейінгі белгісіз жазуларды да оқуға мүмкіндік беріп отыр.
Реставрациялаудан өткен қабірхана есігі Түркістанға қайтарылып, "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығында сирек жәдігерлер музейінің экспозициясына қойылды.