Алматы әкімдігі Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша нақты жоспар әзірледі

Сурет: akorda.kz
Алматы әкімдігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаланы сапалы дамытуға бағытталған тапсырмаларын іске асыру бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын.

Бұл туралы президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

"Осыған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр", деп жазды ол Telegram-дағы арнасында.

Әкім қызметінің тиімділігіне Президент әкімшілігі сараптама жүргізетіні де нақтыланады. Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевқа экология мәселесіне ден қойып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жыл соңына дейін сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматының орнықты дамуына қатысты берген тапсырмаларын мұқият орындауы тұрғысында бірқатар маңызды тапсырма берген болатын. Әкімнің екі апта сайын есеп беретіні де айтылған.

Алматы
Досаев Ерболат
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі