Қостанай облысында пойыз трактормен соқтығысты: ер адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында пойыз трактормен соқтығысып, оның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылғы 27 сәуірде сағат 08:55-те Есіл - Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды.

"Тұрақты жұмыс істеп тұрған өткелдегі белгі беруге қарамастан, трактор жүргізушісі қозғалып келе жатқан пойыз алдына шығып кетіп, жол ережесін өрескел бұзды. Машинист шұғыл тежеуді қолданды, бірақ соқтығысудын алдын алу мүмкін болмады", - делінген хабарламада. 

Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі өміріне қауіп төнген жарақат алды.

ҚТЖ автокөлік құралдары жүргізушілерін теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауды, өткелдегіі дабыл сигналдарын қатаң сақтауға және ережелерді елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтауды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды