Қаныш Сәтбаевқа "Халық Қаһарманы" атағы берілсін! Желіде видео үндеу жарияланды

Сурет: видеодан алынды
Тележүргізуші Майя Бекбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жариялады. Онда ол сенатор Алтынбек Нухұлымен бірлесіп Президент атына жолдаған хат мәтінімен көпшілікті таныстырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар Мемлекет басшысынан ұлт қазынасы - Қаныш Сәтбаевқа "Халық Қаһарманы" атағын беру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.

"Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан мен қазақ халқының осы Жеңіске қосқан үлесі туралы айта отырып, көрнекті ғалым, қазақ ғылымының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың есімін атамай кету мүмкін емес. Ол кісінің Қазақстанның дамуына ғана емес, гитлерлік Германиямен соғыста бүкіл КСРО-ны құтқаруға, оның түпкілікті жеңісіне, демек бүкіл әлемді фашизмнен құтқаруға қосқан үлесіне ешқандай баға жетпейді, деп жазады Бекбаева желіде.

Оның айтуынша, "бұл марапат пен мойындау Сәтбаевқа емес, қоғамға, жастар мен болашақ ұрпаққа қажет". Ол Сәтбаевқа атақ беру "тарихи әділеттілікті қалпына келтіру актісі" болатынын атап өтті.

Айта кетсек, Қаныш Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш геолог. Қазақ ССР ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті. Ол Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғы болжанғанынан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалығы үшін КСРО-ның жоғары мемлекеттік награда – Ленин ордені берілді. Ол осы орденмен жалпы төрт мәрте марапатталған. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының иегері болған. 1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаттары қатарында Лондонда Уинстон Черчиллмен кездеседі, оның зор денесіне таңданған Черчилл: "Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?" деп сұрағанда академик: "О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік!", – деп жауап берген екен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды