Түркістаннан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары: Анарбай Мырзахметов

Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анарбай Мырзахметов 1926 жылы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақыртылып, Семей қаласында әскери дайындықтан өтіп, Белорусь майданына жөнелтілген. Батыр жауынгер 1-пулеметшілер құрамында, атақты маршал Г. Жуков басқарған әскердің сапында шайқасқан. 

Майдангер алғашқы ұрысын Польша жерінде бастап, Варшаваны азат ету операцияларына қатысқан. 1945 жылдың мамырында Беларусь фронтының жауынгері ретінде Эльба өзеніне жетіп, Магдебург пен Бланкенбург қалаларын азат етудегі ауыр шайқастарда ерлік көрсеткен.

Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған Анарбай ақсақал 1946 жылға дейін Германияда әскери міндетін атқарған. Кейін 1948 жылы Иванов қаласында әскери борышын толық аяқтап, 1950 жылы елге оралады.

Соғыстан кейін бейбіт өмірге араласып, жүргізуші, кейін ферма меңгерушісі қызметін атқарған. Жұбайы Шәман Мырзахметовамен бірге 10 ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде 47 немере, 93 шөбере және 2 шөпшек сүйіп отыр.

Анарбай Мырзахметов – "Берлинді алғаны үшін", "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.

Түркістан
Қазақстан
Ұлы Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды